Француздық Total компаниясы әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне байланысты жобаларға салынатын қаржы көлемін 1 млрд долларға қысқартты. Бұл туралы Хьюстондағы конференция кезінде компания басшысы Патрик Пуянне мәлімдеді.
"Капиталды шығындарды 10-12%-ға қысқарттық. Себебі біз көптеген greenfield жобаларға қатысамыз, бірақ бұл оларды тоқтатып қоямыз деген сөз емес. Барлау жобаларын миллиард долларға дейін қысқарттық", - деді Пуянне.
Сондай-ақ, американдық ExxonMobil корпорациясы капиталды шығындарды бірінші жоспарлармен салыстырғанда 12%-ға дейін азайтты. Бұл туралы ExxonMobil президенті Рекс Тиллерсон мәлімдеді.
"Біз шығындар бағдарламасын алғашқы жоспармен салыстырғанда 12%-ға қысқарттық. Енді 2015 жылдың соңында қандай жағдай болатындығын көреміз", -деді ол.
Ал әлемдегі ең ірі мұнай сервисті америкалық Baker Hughes Co. компаниясы қысқартулар көлемі мен активтерді оңтайландыруды көбейтті. Компанияның баспасөз-баяндамасында жазылғандай, енді штаттың 17%-ы немесе 10500 қызметкері қысқартылмақ. Бұл осыған дейін хабарланған қысқартудан 3500 адамға көп деп жазады «Ведомости».
Кәсіпорын әлемдегі 140 обьектісін жауып, артық активтер мен қорлардан бас тартпақ. Бұл шаралар компанияның жылдық шығынын 700 млн долларға дейін азайтуы қажет. Осы жылдың бірінші тоқсанында Baker Hughes 589 млн доллар шығынға батып, түсім 20%-ға дейін төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024