Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлердің кредит бойынша төлемі кейінге шегеріледі

Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлердің кредит бойынша төлемі кейінге шегеріледі

Төтенше жағдай кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлердің кредит бойынша төлемі 90 күнге шегеріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметінің отырысында айтты.

Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдер мерзімі өтсе айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмеуге тиіс. 

Сондай-ақ, банктер және микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдер мерзімін                    90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жұмысын жүргізуге тиіс.

Похожие материалы