Коронавирустың Қазақстанға таралуына жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес аптасына 49 халықаралық тұрақты рейс тоқтатылып, аптасына 84 халықаралық рейс қысқартылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Тоқтатылған рейстер:
- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы барлық тұрақты әуе рейстері (аптасына 34 рейс);
– Тегеран-Алматы бағыты бойынша ҚР мен Иран арасындағы барлық тұрақты әуе рейстері ("Mahan Air", аптасына 1 рейс),
- Нұр-Сұлтан-Баку тұрақты рейсі (аптасына 3 рейс);
–“Lufthansa” әуе компаниясының Франкфурт – Алматы (аптасына 4 рейс) және Франкфурт – Алматы-Нұр-Сұлтан (аптасына 3 рейс) бағыттары бойынша 7 тұрақты рейсі а.ж. 24 сәуіріне дейін;
-Нұр-Сұлтан-Париж бағыты бойынша Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы барлық тұрақты әуе рейстері ("Эйр Астана", аптасына 2 рейс).
Қысқартылған рейстер:
- Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы 6 рейс ("Эйр Астана": Алматы – Сеул, 5-тен 1 рейске дейін және Нұр-Сұлтан -Сеул, 2-ден 1 рейске дейін; "Asiana Airlines": Алматы-Сеул, 2-ден 1 рейске дейін);
– Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы аптасына 9 рейс ("Эйр Астана": Алматы – Баку, аптасына 3 – тен 1 рейске; "SCAT": Ақтау – Баку, 7-ден 1 рейске; "Azerbaijan Airlines": Баку-Алматы, 2-ден 1 рейске);
-Қазақстан мен Жапония арасындағы Нұр-Сұлтан-Токио ("SCAT") бағыты - аптасына 2-ден 1 рейске дейін қысқартылды.
Сондай-ақ, 16 наурыздан бастап Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Түркия, Украина, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Үндістан, Венгрия, Чехия, Польша елдеріне қазақстандық (Эйр Астана, SCAT) және шетелдік (Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Fly Dubai, Etihad Airways, Air Arabia, Wizz Air, LOT Polish Airlines, Белавиа) әуе тасымалдаушыларының аптасына 68 тұрақты рейстері қысқартылды және аптасына 2 тұрақты рейс тоқтатылды (SCAT: Нұр-Сұлтан – Анталья, Алматы – Анталья).
Сондай-ақ, 16 наурыздағы сағат 08: 00-ден бастап шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне, Қазақстан заматтарының шетелге кетуіне тыйым салынды.
Әуе рейстер рейстерінің тоқтатылуына байланысты шетелдік әуе компанияларға билеттерді айыппұлсыз және толық көлемде қайтару ұсынылды. Әуе билеттерді қайтаруды ресімдеу үшін жолаушыларға оларды сатып алу орны бойынша хабарласу қажет.
Әуе компаниялардың коронавирустың таралу деңгейі жоғары елдерге әуе рейстеріне қойылған шектеулер уақытша және вирустың таралуы бойынша жағдай жақсарған кезде елдер арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтіріледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024