Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – АҚШ президенті Дональд Трамп Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) бензин бағасын қымбаттатып отыр деп, ұйымнан бағаны түсіруді талап етті, - деп хабарлайды "РИА Новости".
"МЭЕҰ монополиясы бензин бағасы көтерілгенін есте сақтау керек, бірақ олар жағдайды түзеуге аз күш салады. АҚШ ұйымның көп мүшесіне аз ақшамен көмектесіп отырғанда, олар бензин бағасын көтеріп жатыр. Бұл екіжақты процесс болуы керек. Бағаны қазір түсіріңдер!", - деп жазды Трамп Twitter-дегі парақшасында.
Бұдан бұрын Трамп Fox News эфирінде МЭЕҰ-ны мұнай нарығын өз пайдасына ұстап отырғанын және ұйым оны тоқтатуы керектігін айтқан. Президент сондай-ақ, МЭЕҰ өндіріс көлемін тәулігіне екі миллион баррельге ұлғайту керек деп атап өткен. МЭЕҰ мен бірқатар мүше емес елдер (МЭЕҰ +) 2016 жылдың соңында Венада 2016 жылдың қазан айынан бастап мұнай өндіруді күніне 1,8 миллион баррельге қысқарту туралы келісімге отырған, оның 300 мыңы Ресейге баратын. Келісім 2017 жылдың басынан іске аса бастады және 2018 жылдың соңына дейін екі рет ұзартылды.