"Трансаэро" әуе компаниясы толықтай банкрот болды. Компания тағдырына байланысты жиында қатысушылар мәселені шешудің бірден-бір жолы осы деп мәлімдеді. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлайды.
"Нақты бір ғана шешім қалды. Одан басқасы жоқ" - деді қаржы-экономикалық үкіметінің дереккөзі. Осылайша, бейсенбі күні прьемер-министр Димитрий Медведевтің жиналысында шешім саяси деңгейде бекітіледі. "Трансаэроның" банкрот болуының 3 себебі бар. Біріншіден, әуе тасымалының акционерлері 1 акцияны 75%-ға нығайта алмады. Екіншіден, компания Сбербанк ұсынған қарыз құрылымын өзгерту туралы ұсынысын қабылдаған жоқ. Үшіншіден, Минфин мемлекеттік кепілдік ретінде "Трансаэроның" қаржы құрылымын реттеуге 85 млрд рубль бөлуден бас тартты. Қыркүйек айында үкімет банкрот болуға шақ қалған әуе компанияны сақтап қалу үшін оны "Аэрофлоттың" бақылауына берген болатын. "Аэрофлоттың" директорлар кеңесі 3 қыркүйек күні "Трансаэроның" 1 акциясын 1 рубльден және компанияның 75%-ын сатып алуға шешім қабылдаған. Алайда, келісім әлі орындалған жоқ. Бұдан бұрын транспорт министрінің орынбасары Валерий Окулов "Трансаэроның" жағдайы әуе саласындағы дағдарыс жүйесіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Себебі компания өз тасымалын 2014 жылғы деңгеймен ұстап тұрды. "Трансаэроның" жалпы қарызы 250-260 млрд рубльді құрайды. 150 млрд рубль самолет лизингтеріне, 20 млрд рубль әуежайлар мен жанар-жағармай компанияларына тиесілі. 2014 жылдың желтоқсанында "Трансаэро" мемлекеттің кепілдігімен ВТБ-дан 9 млрд рубль несие алған. Әуе компания ВТБ-ға 12 млрд рубль, "Газпромбанкке" 7,9 млрд рубль қарыз.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024