Экономика
Выбор редактора
Travelsystem агенттігінің жабылып қалуы қазақстандық туристерге зиян келтірді
Travelsystem туристік агенттігінің кенеттен жабылып қалуына байланысты шамамен 700 қазақстандық турист бүгін тұрып жатқан қонақүйлерінен шығарылатын болады деп Қазақстанның туристік агенттіктер ассоциациясына (ҚТАА) сілтеме жасап, lsm.kz сайты хабарлайды.
ҚТАА мәліметтеріне сүйенсек, Алматы уақыты бойынша 02:40-та Travelsystem компаниясының ресми сайтында қызметті тоқтату туралы хабарлама пайда болған. 2015 жылдың 28 мамырынан кейін қонақүйлерге жайғасқан туристер Түркия уақыты бойынша ертең 12:00-де қонақүйлерді босатуы тиіс немесе оларға қайтадан тұру үшін төлем жасау ұсынылады. Осылайша, шамамен 700 адамды бүгінгі күннің өзінде нөмірлерінен шығарады, ал олардың ішінде 80 адам қайтып ұшып келе алмауы мүмкін. "Бұл SCAT арқылы үшуы тиіс адамдар. Ертең және жұма күні ұшуы тиіс туристерден тұратын ұшақтың да жайы белгісіз. Мәселе көп, ҚТАА командасы жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеді ҚТАА өкілі Денис Кривошеев. Қауымдастықтың берген ақпаратына сүйенсек, компания жетекшісі қазіп Еуропада. "Нарық шок жағдайында, болған оқиғаны әлі қорытып үлгерген жоқ. ҚТАА чартер шарты бойына құқықтарды қайта табыстау туралы айтып, нарыққа Travelsystem компаниясының дәрменсіздігін көрсетіп жатқанда, компания басшылығы ҚТҚ-мен (Қазақстанның туристік қауымдастығы - 7kun.kz) серіктестікте нарықты тыныштандырып, қашу үшін қолма-қол ақшаны шоғырландырды. Алайда сыртқы аудит және ресми ақпараттың ұсынылуы талап етілуі тиіс еді. Соңында банкроттық туралы жария еткен барлық компанияларды ҚТҚ қорғап-қолдап отырды", - деді Д.Кривошеев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024