Алматы. 22 қыркүйек. 7kun.kz - Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының 90 жылдығына арналған «Орталық Азияда туберкулез індетін жою: үздік тәжірибе, сын-қатерлер және мүмкіндіктер» атты туберкулезбен күрес жөніндегі 6-халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференцияға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният, Орталық Азия елдері мен АҚШ, Германия, Қытай, Украина, Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Беларусь елдерінің туберкулезбен күрес саласының басшылары мен жетекші мамандары, ДДСҰ сарапшылары, халықаралық ұйымдар (USAID, Жаһандық қор, StopTB Partnership, Partners in Health, KNCV, Жаһандық дәрі қоры (GDF), Abt Associates т.б.) өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен өзге елдердің үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Халықаралық конференция бас-аяғы 300-ден астам лауазымды тұлғаның басын қосқан.
USAID Аймақтық миссиясының директоры Лоренс Харди өзінің кіріспе сөзінде былай деп атап өтті: «Туберкулезді жоюдың жаһандық күшейткіші» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, USAID туберкулезді анағұрлым жылдам анықтауды және емдеуге жаппай қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар туберкулезге қарсы қызметтерді ұсынуға қолдау көрсетудегі қоғамдық азаматтық ұйымдардың рөлін күшейту үшін Қазақстанның Ұлттық туберкулезбен күрес бағдарламасын (NTP) қолдайтынын және оның серіктесі екенін растайды».
ДДҰ тізімінде КДК ТБ ауыртпалығы жоғары 30 елдің төртеуі Орталық Азияда орналасқан. Туберкулезді анықтау, қолжеткізу және емдеу жолындағы кедергілерді жоятын міндеттемелер мен инвестицияларды нығайту туберкулезбен күрес жолындағы жаһандық өркениетке қауіп болып төнген COVID-19 тұрғысынан шешуші мәнге ие.
Туберкулез әлі де бүкіл әлемде және Еуро-Азия аймағындағы елдерде денсаулық сақтау саласының күрделі проблемасы болып қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша жыл сайын 9,9 миллионнан астам адам туберкулезбен ауырады және 1,5 миллион науқас осы аурудан көз жұмады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024