Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұңғыш президент туралы заң не себепті әлі күшін жоймады – Әділет министрі түсіндірді

Тұңғыш президент туралы заң не себепті әлі күшін жоймады – Әділет министрі түсіндірді

Астана. 3 қараша. 7kun.kz – Әділет министрі Қанат Мусин «ҚР тұңғыш президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңның не себепті әлі күші жойылмағынын түсіндірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Конституциядан «Елбасыға» қатысты барлық норма алынып тасталғаны белгілі. Бірақ мұнда мәселе бар. Тұңғыш президент туралы және оған сілтеме жасайтын нормалар басқа заңдарда да бар. Ол оннан асады. Сондықтан бұл жұмыс біраз уақытты талап етеді, яғни талдау жүргізіп, шешім қабылдау керек», – деді Мусин.

Министр нақты қанша уақыт кететінін айтпады. Қазіргі басқа заңдарда тұңғыш президент туралы сөздер бар.

«Бізде он шақты заң бар. Бәрін жинақтап, зерделеп, тиісті шешім шығарылады. Оған біршама уақыт қажет. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде арнайы заң парламенттің қарауына енгізіледі», – деді ол.

Похожие материалы