Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тунистегі терактіден жарты миллиард доллар шығын келді

Тунистегі терактіден жарты миллиард доллар шығын келді

Тунистегі Сусе қаласында болған терактінің туристік салаға зияны 515 млн доллар деп бағаланды. Бұл туралы елдің туризм министрі Сельма Эллуми Рекик (Selma Elloumi Rekik) мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

"Террористік акт экономикаға үлкен ықпал етті, шығындар да үлкен болады",-деп мәлімдеді ведомства басшысы. Агенттік мәліметінше, өткен жылы мемлекеттің туристік саладағы табысы 1,95 млрд долларға жеткен. Бұл елдің ЖІӨ-нің 7 пайызын құрайды және шетелдік валюта түсімінің негізгі көзі болып табылады. Еске салайық, 26 маусымда Тунистегі Сус қаласының маңындағы жағажайда демалып жатқан туристерге оқ атылды. Шабуылдаған 1992 жылғы студент Сейфуддин Ар-Резкиді құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлтірді. Түрлі мәлімет бойынша, 38-ден 40-қа дейінгі аралықта құрбан болған. Тағы 40 адам жарақат алды. Қаза болғандардың көпшілігі - британдықтар. Теракт үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" террорлық тобы ұйымы өз мойнына алды.

Похожие материалы