Алматы. 29 қыркүйек. 7kun.kz - Бүгін Алматыда екікүндік "Тур Алматы 2018" халықаралық кәсіби веложарысы басталады, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Веложарыс жолына шығатын спортшылар жарысқа қатысушы командалар "Астана" алаңына жиналуда. Мұнда 09:45-те таныстырылым шарасы басталады. Ал 12:00-де дәл осы алаңнан жарыс жолына шығып, 7 айналым жасап, барлығы 182,7 шақырым қашықтықты бағындырады.
Жарыс кезінде қала көшелерінің бірқатары жабылады. Атап айтқанда "Астана" алаңы, Төле би көшесінен Достық даңғылына дейін, одан әрі Сәтпаевтан Назарбаев даңғылына дейін және әл-Фараби даңғылынан Мұстафинге дейін жабық. Жарысқа қатысушылар осы жерден бұрылып Сейфуллинаға, одан төмен Сәтпаев, Байзақов, Абай, Желтоқсан, "Астана" алаңына дейін жүреді. Мәре 16:00-де аяқталады. Осы аралықта аталған көшелерде қозғалыс шектеледі.
Айта кетейік, былтыр шара көпкүндік дәрежесіне ие болған. Сондықтан бұл жолы жарыс екі күнге созылады. Ертең, 30 қыркүйекте жарыс 11:00-де "Халық арена" ғимаратынан басталып, Шығыс айналма жолы, әл-Фараби, Тұңғыш Президент паркі, Достық даңғылы мен "Медеу" мұз айдынына дейінгі аралықта өтеді. Аталған көшелер таңғы 10:30-16:00 аралығында жабық болады. Екінші кезеңнің жалпы ұзындығы – 160 шақырым.
15 елден 21 команда қатысатын жарысты «Eurosport» арнасы арқылы әлемнің 60 елі көреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша миллиондаған көрермен Алматының ең көрікті жерлері мен мәдени-тарихи нысандарын көреді. Бұл өз кезегінде Қазақстанға туристердің назарын аудартады. Сондықтан ұйымдастырушылар жарыс маршрутын қаланың ең көрікті жерлерімен өткізуге тырысады.
"Бұл тек спорттық шара ғана емес, туризмді насихаттауға арналған маңызды қадам" - дейді, ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, Қазақстанда туристік саланы дамыту мемлекеттік басым бағыттың бірі. Бұл тұрғыда туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған. Алматы елдегі ең ірі әрі табиғаты әсем, тарихи-мәдение нысандарға бай қала ретінде тұжырымдама аясындағы негізгі нысандардың бірі саналады.
Тұжырымдамада Алматы халықаралық іскерлік және тау шаңғысы туризмінің орталығы және "Қаладағы және таулардағы ойын-сауық" кластері ретінде сипатталады. Бұл кластер ұсынылатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени және экологиялық туризм, таулардағы және көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс, сондай-ақ event-management агенттіктерінің қатысуымен концерттік іс-шаралар бағдарламасын қалыптастыру жатады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024