Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – Көкшетау қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері жаңа пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алды.
Таза әрлеудегі мұндай баспананың 1 шаршы метрінің құны 160 000 теңгені құрады. Бұл Көкшетау қаласы тұрғын үй нарығындағы бағадан 15%-ға арзан. Тоғыз қабатты жаңа үй қала орталығында, жағалаудың жанында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін арнайы салынған болатын.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін салымшыларға барынша аз талапты орындау, атап айтқанда, 20% көлеміндегі бастапқы жарна әкелу жеткілікті болды. Бұл жағдайда жылдық мөлшерлемесі 7% болатын заем алуға болады. Алайда Ақмола облысының тұрғындары қаражаттың басын құрап, шыдамдылық таныта алатындықтарын көрсетті – бүгін пәтер кілтін алғандардың 90%-ы үй бағасының 50%-на тең ақшаның басын құраған. Осының арқасында олар 5% көлеміндегі өте төмен жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй займдарын алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрдан Әлібеков.
Мысалы, аумағы 38 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерді 6,1 млн теңгеге сатып алуға болады. Бұл соманың жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақталған жағдайда, қалған жартысын банк 6 жылға несие түрінде береді. Заем бойынша ай сайынғы төлем 50 000 теңгені құрайды, ал артық төлем 500 000 теңгеден сәл ғана асады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024