Түрікменстандағы бағаға тікелей әсер ететін қара базардағы доллардың бейресми бағамы елдегі ресми бағамнан орташа 60 пайызға асып кетті. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметінен хабарланды.
«Қазір үй, автокөлік сатып алу саласындағы жеке келісімдер, сонымен бірге жеке кәсіпкерліктегі сауда-саттық доллармен жүреді, қара базардағы доллар құны қалай өссе, барлық заттың бағасы да қымбаттайды», - деді RFE/RL ақпарат құралының Түрікменстандағы шолушысы Аманмурад Бугаев.
Оның айтуынша, келісімдер ресми түрде манатпен рәсімделсе де, есеп айырысу доллармен жүзеге асады. Түрікменстанда шетелдік валютамен келісім жасауға заң жүзінде тыйым салынған.
Түрікмен манатының ресми бағамы 2015 жылдың қаңтарынан бері өзгеріссіз тұр, яғни 1 АҚШ доллары 3.50 манатқа тең. Бірақ, Түрікменстанның Орталық банкі 2016 жылы 12 қаңтарда арнайы шешіммен тұрғындарға шетел валютасын сатуға тыйым салды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024