Интернетке қолжетімді мобильді құрылғылардың пайда болуы мен оларға сұраныстың артуы оларға арналған туристік қосымшалардың көбеюіне де әсерін тигізбей қоймады. WI-FI-ға қолжетімді жерді іздеу проблема, өзімен бірге ноутбук алып жүретін адамды әрдайым кездестіре бермейміз, алайда телефон қолданбайтын адамды кездестіру қиын. Ал ұялы телефонның көмегімен талай нәрсе тындыруға болады. Жиі саяхаттауды ұнатсаңыз да, ұялы қосымшалардың көмегі көп. 7kun.kz туристерге арналған маңызды және керекті 10 мобильді қосымшаны назарларыңызға ұсынады.
(Аудиожолсапарлар, тілашар, конвертер, жедел такси шақыру секілді туристке қажетті ең керекті бағдарламалар).
Seatguru
[caption id="" align="alignleft" width="216"] Фото: seatguru.com[/caption]Платформа: iOS
https://www.seatguru.com/mobileapps
Seatguru-дің көмегімен арзан және жайлы авиабилеттерді сатып алып қана қоймай, рейстердің өзгерісін қадағалау мен борттағы ең жайлы орынды таңдау мүмкіндігіңіз де бар. Қосымшалар базасында – 700-ден астам әр түрлі міндетті болмаса да, маңызды: аяқты созып отыруға арналған арақашықтық, стюардтардың қызмет көрсету жылдамдығы, креслода телевизордың бар болуы секілді т.б. ақпараттар үлгісі бар. Егер толық ақпаратты оқуға уақытыңыз болмаса, жай ғана түрлі-түсті кодтамаға сенуге болады: жасыл түстер – ең жақсылары, сары түстер – сапасы төмендеуі. Статистика негізінен әлем бойынша 45 000 пассажирдің пікірінен жиналған. Seatguru бәсекелестік моделі – басқа стартаптарға үлгі: әуе билеттерін интернет арқылы сатып алу секілді, бизнестің осындай тығыз орналасқан аймағында бәсекелесе отырып, міндетті болмаса да, қызықты опциялармен үнемі хабардар болып отыра аласыз.
WorldTaxiMeter
[caption id="attachment_68005" align="alignleft" width="232"] Фото: forbes.kz[/caption]http://www.worldtaximeter.com/m
Платформа: интернетке қолжетімді кез келген мобильді құрылғы.
Мобильді интернетке тиісті аса тиімді шығыс деректеріне енгізілген ақпараттармен алмасатын кішігірім терезе. Алдын-ала келетін қалаңызды, ұшқан жеріңіздің мекен-жайы мен келіп-қонатын жеріңізді жазсаңыз болғаны – бірер секундтан кейін-ақ жергілікті баға бойынша саяхатыңыздың таксимен жүргендегі құны белгілі болады. Ыңғайсыз жағдайлардан құтқарып қана қоймай, туристерді қателесуге алып келетін пиғылы жаман арбакештерден қорғайды. Жоғарыда көрсетілген сілтеме смартфондар мен айфонға арналған. Егер қолыңызда компьютер болса, бірден www.worldtaximeter.com — толық нұсқасын пайдаланған тиімді, ол арақашықтықты, кептелістегі уақыт пен көлік қоятын тұрақтың құнын (аэропорттағы) есептей отырып, Google картада маршруттың бағытын көрсетеді.
NearestWiki
[caption id="attachment_68007" align="alignleft" width="819"] Фото: forbes.kz[/caption]http://www.acrossair.com/acrossair_app_augmented_reality_wiki.htm
Платформа: iOS
NearestWiki — гугл көзәйнектерімен бірге жақында біздің өмірімізді толықтай басатын шынайылықтың толықтырылған прототипі. Бағдарлама спутниктің көмегімен қолданушының тұрған жерін анықтай отырып, картаның бетіне кафе, дүкен, музей мен басқа да қаланың көрікті жерлерінің белгілерін шығарып береді. NearestWiki-дің инновациясы телефон камерасы қосылғанда жұмыс істейді. Экран бетіне бірден объектив көрген жердің баяндамасы шығады: бұл көпір император Андириананың кезінде соғылған, ал дәл мына балконнан Джульетта Ромеоның әуендерін тыңдаған. Қап, бағдарлама басында iTunes және тек iTunes-қа қызмет етуге серт берген секілді, алайда бүгін бағдарламаның Android құрылғыдағы да баламасы бар, ол - Layar нұсқасы (www.layar.com). Бағдарламаның базалық нұсқасы NearestWiki-дан тегін таралуымен ерекшеленеді.
FirePin
[caption id="attachment_68008" align="alignleft" width="819"] Фото: forbes.kz[/caption]http://www.firepin.com
Платформа: iOS, Android
FirePin-нің көмегімен достарыңыз бен туыстарыңызды өзіңіздің картадағы орын ауыстыруыңызбен хабардар етуге болады. Бағдарлама мезгіл-мезгілімен телефонның GPS-координаттарын жаңартып отырады және Google Maps-тың көмегімен саяхатыңыздың көрнекті бағытын салып отырады, кейінірек оны әлеуметтік желіде бөлісе немесе SMS, не электронды почта арқылы жібере аласыз. Мұндай суреттің мәні – өзіңіздің жеке тәніңіз (велосипед, автокөлік) арқылы аймақ картасына қарапайым фигура мен жазбаларды қалдыра аласыз. Кейде өте әдемі көрінгенімен, көбіне негізінде – қызықты, кейде символды.
Lingopal 44
http://itunes.apple.com/app/lingopal-44-multilingual-talking/id307754293?mt=8
Платформа: iOS
Жасап шығарушылардың өздері әзілдейтін «сөйлеу, әзілдеу және әлемнің 44 тілінде ұрсысуға» рұқсат беретін әмбебап тілашар. Кіріктірілген сөздіктер өте ыңғайлы құрылымдалған. Аудиожаңғырту, ұғымды транскрипция, сезімтал белгілері бар. Ал бірдеңе басу үшін үнемі интернетке қосылу қажет етпейді, себебі сізге керектінің бәрі ауыр бағдарламада (252 Мб) әлдеқашан орнатылып қойған. Өкінішке орай, орыс туристеріне арналған транскрипцияны жасаған адамдар, біздің шетелдіктердің алдында Виталий Мутко секілді көрінгенімізді сөзсіз қалаған секілді. Мәселен, «speak» және «english» сөздерінде аудармашылар «e» дыбысын көрген. Lingopal 44 версиясы сезімтал және шытырман туристерге бағдарланған. Оны iTunes-тан басу үшін кәмелет жасқа толған болуыңыз керек. Неғұрлым сақтанымпаз туристер үшін Lingopal Voyage версиясын ұсынамыз.
Alfred
[caption id="attachment_68009" align="alignleft" width="819"] Фото: forbes.kz[/caption]Платформа: iOS, Android
Мұртты сарай қызметшісі Альфред жұмысқа орналасу барысында жалдаушыға телефон арқылы алдымен өзі әңгімелесу өткізеді: әлгі адамның қандай асүйді ұнататындығын, бос уақытын немен өткізетіндігін, спорттың қай түрімен айналысатындығын және өмірде әлі нені бастан кешірмегендігі туралы сұрайды. Ұлғайған жасына қарамастан, Альфред бәрін мұқият есте сақтайды және саяхат барысында иесінің талғамына сай келеді деген жақын жердегі мейрамханалар мен аттракциондарды ұсынады. Ал жалықтыратын «Овсянка, сэр»-ді өнертапқыш бұл сарай қызметшісі білмейді.
Hotel Tonight
[caption id="attachment_68011" align="alignleft" width="819"] Фото: forbes.kz[/caption]Платформа: iOS, Android
Бағдарлама жедел түрде қонақүйді іздеуге арналған. Бір апта бұрын оның көмегімен нөмерді алдын-ала таңдап қоя алмайсыз, дегенмен дәл бүгін қай жерде арзан (немесе қымбат) бағаға түнеп шығуға болатындығын білу – оп-оңай. Ұнаған бөлмеңізді сол уақытта брондап қоя аласыз. Әттеген-ай, әзірше бағдарлама АҚШ-тың тек ірі туристік қалалары мен Канаданың бірнеше мегаполистерін ғана қадағалайды. Бірақ, база өте қарқынды түрде жаңарып отырады: келесі жылдың жазында оған еуропалық қалалар да қосылады деп күтілуде. Егер нөмір шұғыл түрде керек болмаса, бронді тек iOS және Android версиясында ғана емес, сондай-ақ Nokia Symbian-нан да табылатын Hotelzon Mobile бағдарламасы арқылы қалдыра аласыз.
HiConverter
[caption id="attachment_68012" align="alignleft" width="819"] Фото: forbes.kz[/caption]http://itunes.apple.com/ru/app/hiconverter-comprehensive/id318789244?mt=8
Платформа: iOS
Туристке қажетті барлық кеңдіктегі консертер - бағдарлама. Жалғыз фунт, иен, фут, ярдамен мәселе аяқталмайды. Бағдарлама бензинге кеткен шығын, кейбір салықтық жиналымдар және тұрмыстық техникадағы түсініксіз сандарға дейін есептеп береді. Тіпті ол мейрамханадағы шайпұлыңның бағасына дейін біліп бере алады. Ал ең бастысы, HiConverter-дің арқасында киімдер мен аяқ киімдердің мөлшерін көрсететін кестеден жаңылмайсың. Бағдарламаға бар болғаны 108 категорияға 3000 параметр енгізілген, әзірлеушілердің сөзіне қарағанда, бұл 152 елге сапар барысында шығындалудан қорғайды екен.
TourCaster
[caption id="attachment_68013" align="alignleft" width="819"] Фото: forbes.kz[/caption]Платформа: iOS
Жүздеген қала, 34 ел, 6 континенттің назар аударарлық жерлерінің аудиожолсілтемелер жинағы. Гидтер трэвел-контрибьюторлар CNN, CBS, The Washington Post Брайан Байнс секілді білікті адамдардан құралған. TourCaster-дің потенциалды авторларға деген талаптары қаталдау: үміткерлер жергілікті халықтың оларды жергілікті тұрғындар қатарына қосқанша сол қалада ұзақ тұрулары керек. Әр айналымға жүк тиейтін орын тіркелген – адасып кетпейсіз. Бағдарламаның интерфейсі қолайлы орнатылған: шынайы гидтен гөрі, жазбаны жаңарту оңайырақ. Экскурсияның едәуір бөлігін тегін басып ала аласыз, бірақ ең қызықтысына төлеуге тура келеді. Бағдарлама тек ағылшын тілінде ғана сөлейді, бірақ бұның тілі - Simple English.
Sрotted by Locals
http://www.spottedbylocals.com/
Платформа: iOS
Жергілікті тұрғындардан құралған Еуропаның 41 қаласына жолсілтеме. Әуесқой трэвел-журналистиканың басты артықшылығы – жүре-жүре тесілген туристер маршрутының шегінісі. Сайттағы пікірлерге қарағанда, Spotted by Locals авторларының ұсыныстары көптеген «кәсіби» құрылған маршруттарға, официоздар мен болжамшыларға кедергі келтірмейді. Бұл шынында да қала атмосферасын басқа стандартты туристік программаларға қарағанда, тәртіпке тереңірек енгізетін инсайдерлік ақпарат. Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей, мұнымен қала сәл көрікті, бірақ едәуір жанды көрінеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024