Туризмді дамыту арқылы 72 мың ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылады - Мұхамедиұлы
Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туризмді дамыту бағдарламасымен 72 мың ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болатынын айтты.
«Туристік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 200-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, сондықтан ауылдық жерлерден 72 мың адамды біз тұрақты жұмыспен қамтимыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің ерекше қорғалатын табиғат аумақтары ауылдық жерлерде орналасқан. Сондықтан дұрыс тәсіл, сапалы менеджмент қолданылып, инфрақұрылым дамытылған жағдайда біз оларға жұмыс бере аламыз. Бұл нақты сан, біз орындалмайтын міндеттер қоймаймыз", - деді министр.
Туристік тұрғыдан тартымды деп саналатын жерлердің ТОП-10 тізімі жасалды. Оған Алакөл мен Балқаш жағалаулары, Щучинск-Бурабай, Баянауыл, Имантау-Шалқар шипажай аймақтары, Алматы тау кластері, Маңғыстау, Түркістан мен Астана кіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024