Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – Құтқарушылар Газиантеп қаласында үйінділердің астынан 2 миллион долларға жуық ақша тауып, оны полицияға тапсырды, деп хабарлады 7kun.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар бұл ақшаны Ayşe-Mehmet Polat тұрғын үй кешенінен ер адамның денесін алып шыққанда тапқан.
«Ер адамның жанында барлығы 2 миллион доллар болды, құтқарушылар полицияға өткізді. Біздің жігіттер бірінші кезекте адамды құтқарады, ал табылған құнды заттарды полицияға береді. Бұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ», – деді Газиантеп өрт сөндіру қызметінің басшысы Джафер Йылмаз.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік құтқарушылар үйінді астынан 150 мың доллар қолма-қол ақша тауып, полицияға тапсырды.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7 баллдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген дүмпулерге ұласқан жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 39 мыңнан астам адам қайтыс болды.