Экономика
Түркиядан Қазақстанға 7 мыңнан астам алтын бұйымды заңсыз әкелмек болған азамат ұсталды
Астана. 26 қазан. 7kun.kz – Контрабандалық «зергерлік бұйымдарды» елорданың халықаралық әуежайында анықтады. Бұл туралы Қазақстанның қаржы мониторингінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ыстамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азамат ұсталды.
«Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген», – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024