Түркістан облысы. 10 қараша. 7kun.kz – Есірткі заттарын сақтаған қарияға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Зейнеткер Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған қарияны ұстаған болатын.
«Жедел уәкілдер шұғыл іздестіру шаралары барысында Келес ауданы ауылдарының бірінде»Приора» автокөлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған пакетті тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 1 келіден асатын»көкнәр«болып шықты. Егде жастағы ер адам бұл әрекетін мойындап, есірткіні өзі тұтынуы үшін сақтағанын жеткізді» - делінген Түркістан облысы ПД хабарламасында.
Сот үкімімен сотталушыға 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024