Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz – Түлкібас аудандық полиция бөлімінің басшысы Данияр Мейірхан кепілдікпен қамаудан босады. Кепіл суммасы 40 млн теңге, деп хабарлайды 7kun.kz.
Шымкент қалалық соты таратқан мәліметте, 29 сәуір күні қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа Данияр Мейірханға қатысты бұлтартпау шарасын нақтылады деген. Полиция бөлімінің басшысы жекеменшік автосалонның шағымы бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен қамалған. Тергеу мәліметінше, ол ақшасын толық өтемеген күйі қымбат көлікті иемденіп алған.
Шымкент қаласының тергеу соты кепілзат сомасы 40 млн теңге, деп белгілеп, полицейді қамау туралы санкция берген.
Подполковник Данияр Мейірхан Түркістан облысындағы полицейлер арасында танымал тұлғалардың бірі. Ол әлеуметтік желіде белсенді, аудандағы шулы, даулы оқиғаларды үнемі хабарлап отыратын.
Бұған дейін Данияр Мейірханның Ішкі істер министрінен өзіне қатысты істің әділ тергеліп, заңды шешім шығаруын сұрағаны туралы жазғанбыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024