Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – Түркістан облысында шоколад глазурі мен шоколад шығаратын цех іске қосылды.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жоба Первомай ауылындағы «Балмұздақ» ЖШС-тің жеке қаражатына іске асырылды. Жоба құны – 800 миллион теңге.
«Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1100 тоннаны құрайды, барлығы 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл дайын өнімді Өзбекстанға экспорттау жоспарлануда. Сонымен қатар, маркетингтік зерттеулер бойынша цех өнімдерінің үлесі қазақстандық нарықтың 5%-ін құрайды», - деп толықтырды ведомство.
Биылғы жылы компанияның жаңа жобаларын жүзеге асыру жоспарланбағаны атап өтілді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024