Түркістан. 18 қазан. 7kun.kz – Кассир жеке кәсіпкердің 10 миллион теңгесін ұрлап кеткен. Бұл туралы Zakon.kz сайтына облыс полицейлері хабарлады.
АЖ иесі қайта есептеу кезінде 10 миллион теңгенің жетіспегенін байқап, полицияға арызданған.
Полциейлер жедел шаралар нәтижесінде облыс орталығының тұрғынын ұстады. Кейін күдіктінің жеке кәсіпкерде кассир-оператор болып жұмыс істегені белгілі болды.
«Әйел кассадан 5 миллион теңге, ал бірнеше күннен кейін сол соманы тағы алған. Ол ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған», – деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе иемдену) бойынша тіркелді.
Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024