Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) аясында Белградта болған жиында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесті. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.
40 минутқа созылған бұл кездесу — 24 қарашада Түркия тарапы ресейлік ұшақты атып түсіргеннен кейінгі екі елдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірінші рет бетпе-бет бас қосуы. М.Чавушоглу Анкара мен Мәскеу арасында туындаған проблеманы бір кездесумен шеше салу мүмкін еместігін айтты. Ол тараптар ашық байланысты ұстауы қажет екенін атап өтті. "Ресей Түркия тарапынан кешірім сұрауды талап етеді. Мәскеу ұшақтарының түрік әуе кеңістігін бұзғанын мойындау керек", - дейді ол.
Сондай-ақ, 3 желтоқсанда Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Ресейді "советтік дәуірдегі тәсілдерді қолданады" деп айыптаған болатын.
Ал Ресей тарапының Түркия «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымынан мұнай сатып алады деген айыбына президент Реджеп Тайып Ердоган "Ресейдің өзі ИМ-мен мұнай саудасымен айналысады" деген еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024