Түркияның Сыртқы істер министрлігі ресейлік Су-34 әскери ұшағы 29 қаңтар күні мемлекеттің әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеді. Осыған байланысты Ресей елшілігі сыртқы саясат ведомствосына аталған нотаны тапсыру үшін шақырылды. Бұл туралы министрліктің хабарламасына сілтеме жасап, РБК хабарлайды.
Хабарламада анықталғандай, оқиға жергілікті уақыт бойынша 29 қаңтар күні сағат 11:46-да болған. Әуе кеңістігіндегі Су-34 экипажы орыс және ағылшын тілдерінде шекараға жақын келгені туралы бірнеше рет ескерту алады.
Түркия билігі Ресей тарапынан болған бұл оқиғаны екі ел арасындағы шиеленісті тағы да күшейтуі мүмкін екенін айтты.
«Біз тағы бір мәрте Ресейді барынша жауапты әрекет етуге шақырамыз және НАТО әуе кеңістігі болып табылатын Түркия кеңістігін бұзбауын ескертеміз", - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, түрік билігі егер жағдай қайталанатын болса барлық жауапкершілік Ресейге жүктелетінін ескертті.
Айта кетейік, бұдан бұрын 2015 жылдың 24 қарашасында Түркия түрік-сирия шекарасы аумағында ресейлік Су-24 әскери ұшағын атып түсірген болатын. Осыдан соң Ресей мен Түркия қарым-қатынасы шиеленісе түсті. Ресей тарапы Түркияға қарсы экономикалық санкция жариялады.
Фото: militaryrussia.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024