Экономика
ҚТЖ топ-менеджерлерінің үстінен қылмыстық істер қозғалғаны туралы дерек жоққа шығарылды
"Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ресми сайтында "Қазақстан темір жолы" топ-менеджментінің үстінен қылмыстық істер қозғалғаны туралы деректі жоққа шығаратын ақпарат пайда болды.
"Танымал ақпарат агенттігінің сайты мен әлеуметтік желілерде "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ топ-менеджменті үстінен бірқатар қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тарады. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Компанияның беделіне нұқсан келтіретін мұндай анонимді ақпаратты орналастырмас бұрын мұқият безбендеп, саралап алуды өтінеміз", - делінген компания сайтында жарияланған хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, сәл бұрын қазақстандық порталдардың бірінде "ҚТЖ" ұлттық компаниясының басшылығына қатысты тергеу жүргізілгені және қылмыстық іс қозғалғаны туралы материал жарияланған еді. Ақпарат көзі: ҚазАқпаратПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024