Астана. 4 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда «Уақып» қайырымдылық қорына алғашқы қаржылай көмекті Тұңғыш Президент қоры көрсетті. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, діни ғимараттар мен Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі дін қызметкерлеріне қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады.
«Қазіргі уақытта қайырымдылық қорына алғашқы қаражат келіп түсті. Бірінші жарнаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жасады. Кейбір коммерциялық ұйымдар мен жекелеген тұлғалар Қормен ынтымақтастық орнатуға үлкен ықылас білдіруде және өздерінің алғашқы қаржылай көмектерін көрсетіп үлгерді», - деді министр Нұрлан Ермекбаев.
Сонымен қатар, Нұрлан Ермекбаев қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының шешімімен тағайындалған Қамқоршылар Кеңесінің жаңа мүшесі және хатшысы Еркін Оңғарбаевты таныстырды.
«Уақып» қорының Президенті Қайрат Айтбай қордың қайырымдылық бағдарламасы мен жұмысын таныстырып өтті. Қордың қайырымдылық бағдарламалары, қайырымдылық көмек көрсету жобаларын іріктеу ережелері, Қордың көмек алушыларының есеп беру тәртібі, Қордың жұмыс жоспары және 2017 жылға арналған бюджеті бекітілді.
Еске салсақ, «Уақып» қорының қызметі дәстүрлі құндылықтар мен руханилықты қолдауға, діни радикализм мен фанатизмнің алдын алуға, әлеуметтік жобаларды, білім беру бағытындағы тәрбиелік іс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыруға және діни институттардың жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024