Уақытша тіркеу туралы өзгеріс қоғамның көңіл-күйіне ғана емес, экономикағада ықпалын тигізеді. kn.kz порталының мәліметінше, тұрғын үйді ұзақ уақытқа жалдау нарығының 90 пайызы көлеңкеде жатыр. Сондықтан уақытша тіркеудің міндеттілігі жөніндегі ереже пәтерді жалға беру нарығына біраз әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар.
Еске сала кетсек, 2016 жылдың желтоқсан айында заңға өзгерістер енгізілген. Жаңа ереже бойынша, әрбір азамат негізгі тұратын жеріне тіркелуі тиіс. Ал егер 3 айдан артық негізгі тіркелген жерден тыс аймақта жүрсе, сол мекен-жайға уақытша тіркеуге тұруы міндетті.
kn.kz сарапшыларының жүргізген сауалнамасы бойынша жалға алушылардың көпшілігі жаңа ереже туралы білетіндіктерін айтты. Ал жартысына жуығы егер пәтер иесі талап ететін болса, уақытша тіркеуге тұрып, келісімшарт жасасуға дайын екендіктерін жеткізді. Тұрғындардың қалған бөлігі тіркеу мәселесі туралы күманданады екен. Сонымен қатар, тіркеуге тұрып, шарт жасасуға мүлдем қарсылықтарын білдіргендер де бар. Олардың саны 10%-ды құрайды.
«Меніңше, ереженің нарыққа әсер етуі оның қаншалықты жүзеге асатындығына байланысты. Уақытша тіркеуді кім және қалай қадағайды? Негізгі сұрақ осы. Жалдау нарығы – тұрақты қызмет. Бірақ шарттары үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан қадағалау қызметтері де мықты болу керек. Әзірге құқықты органдардың нақты шаралары қолданылмайынша, пәтерді заңсыз жалдаушылар ережеге бағына қоймайды. Себебі, оны жалға берушілердің өздері де, мемлекеттік ұйымдар да қадағаламайды. Адамдар ешқандай келісімшарт жасамай, тіркеуге тұрмай-ақ пәтер жалдай береді. Сондықтан тұрғын үйдің жалға берілгендігін дәлелдеу мүмкін болмайды»,-дейді kn.kz сараптау қызметінің жетекшісі Анна Шацкая.
Сауалнама бойынша, жалға берушілер мен алушылардың басым бөлігі тіркеуге тұрып, шарт жасасуға дайын екендіктерін айтқанымен, салық төлеуге келгенде, көбісі салық органдарында есепке алынудан қашады.
Анна Шацкаянын айтуынша, салық төлеу сәйкесінше жалдау құнын да өсіреді. Ал тұрғын үй мәселесі онсыз да көп отбасылардың жағдайын қиындатып отырған шақта бұл жалға берушіге де, жалдаушыға да тиімсіз. Сол себептен, жалға алушылардың өздері де мәселені жасырып, өздерін пәтер иесінің досы не туысқанымын деп таныстырады.
Алайда жалға беру құны өскенімен де, нарыққа қатты әсерін тигізбейді. Тұрғын үй жалдау бағасы тек 7-10%-ға ғана көтеріледі.
Уақытша тіркеуге қатысты соңғы жаңалықтың бірі - онлайн түрде тіркелу мүмкіндігі. Егер жалға алушы ретінде немесе пәтеріңізді жалдаушыларды тіркегіңіз келсе, жұмысты egov порталы арқылы аяқтауға болады.
Қазіргі уақытта бұл қызметті тесттік режимде мақұлдау шаралары жүргізіліп жатыр. Ол үшін әр азаматқа электронды сандық қолтаңба беріледі.
Онлайн тіркелу үшін не істеу керек?
- egov электронды үкімет порталына тіркеліп, қызметке тапсырыс беру қажет.
- Өтініш толтырып, электронды сандық қолтанбаңызбен бекітуіңіз керек. Ал мемлекеттің баж салығын порталдың төлем шлюзы арқылы жүзеге асыра аласыз.
Уақытша тіркеу туралы нені білу маңызды?
- Тіркелу 1 күнде бекітіледі
- Бұрынғы мекен-жайдан тіркеуден шыққандығы туралы анықтамалар қажет емес. Жаңа мекен-жайға тіркелгенде, бұрынғы тұрған жерінен автоматты түрде есептен шығарылады
- Уақытша мекен-жайда тіркеусіз тұрып жатқан азаматқа 10 күн және 1 ай аралығында ескерту жасалады. 1 айдан кейін ескерту орындалмаса айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 7 МРП (15 883 теңге), ал бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанатын болса, айыппұл көлемі 13 МРП (29 497 теңге) дейін өседі.
- Тиісті мекен-жайда тіркеусіз тұрып жатқан азаматтарға да міндеттемелер күшейіп жатыр. Егер 1 ай аралығында тіркеу жасалмаса 10 МРП (22 690 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Ал егер бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанса айыппұл көлемі 20 МРП (45 380) болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024