Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Сан-Франциско аймақтық соты Uber компаниясын 20 млн доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. АҚШ Сауда комиссиясының айыптаулары бойынша бұл компания автокөліктерді сатып алуға және жүргізушілердің болашақ табысына қатысты оларға жалған мәлімет берген.
The Hill-дің хабарлауы бойынша, Uber АҚШ-тың 20 шақты қаласында жүргізушілердің жалақысын жоғары етіп көрсеткен. Uber сайтында оның Нью-Йорктегі жүргізушілері орташа есеппен жылына 90 мың доллардан, ал Сан-Францискода 74 мың доллардан жоғары табыс тапқан. Іс жүзінде аптасына 40 сағат жұмыс істеген жүргізушілердің жалақысы орташа есеппен Нью-Йоркте 29 мың доллар, ал Сан-Францискода шамамен 21 мың долларды құраған. Бұдан бөлек, 2015 жылдың қаңтар мен наурыз айларының аралығында Craigslist хабарландыру сайтында компания жүргізушілерге Бостонда сағатына 25 доллар, ал Миннеаполисте 18 доллар аласыз деп уәде еткен. АҚШ Сауда комиссиясы Uber-дің жүргізушілерінің 30 пайызы ғана аталмыш табысқа қолы жеткен деп түсіндірді. Ал Бостонда бұл үлес тек 10 пайызды құраған. Uber америкалық билік өкілдерімен бірігіп, жүргізушілерге өтемақы төлеудің тиімді жолдарын қарастыруға келісті. Сонымен қатар, компания алдау туралы фактіні жоққа шығарды, бірақ жүргізушілермен жұмыс жасау тәртібін жақсартуға уәде берді. АҚШ Сауда комиссиясымен болатын келісімшарт компания өз кінәсін мойындады деген сөз емес. ВВС-дің хабарлауынша, сарапшылар Uber-ді жүргізушілерге деген қарым-қатынасы үшін де сынайтын көрінеді. Мысалы, Тәуелсіз жүргізушілер қауымдастығының айтуынша, Uber секілді компаниялар қауіп-қатер мен шығындарды жүргізушілердің мойнына артып қояды дейді. Себебі оларды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етпеген және сырқаттану мерзіміне өтемақы төлемейді. Жүргізуші автомобильдің барлық есеп-қисабын өз мойнына алуы тиіс. Оның ішінде, жанармай, жөндеу жұмыстары, сақтандыру мен басқа да шығындар бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024