Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әуе билеттері 35%-ға қымбаттайды

Әуе билеттері 35%-ға қымбаттайды

Теңге курсының өзгеруіне байланысты жақын күндері әуе билеттерінің құны қымбаттайды деп хабарлайды LS. Chocotravel.com директоры Николай Мазенцевтің сөзінше, әуе тасымалдаушылар билет бағасын валютада сақтап отыр, сондықтан алдағы бірнеше күндерде олардың құны теңге қатысты доллар бағамының көтерілуіне байланысты 30-35 пайызға өседі.

Еркін теңге бағамы Қазақстанның travel-нарығына негативті әсер етпек. Николай Мазенцевтің сөзінше, нарықта тез арада бағаның өсіп кетуі мүмкін. Сарапшы шетелге баратын жолаушылар 20-25 пайызға азаяды деген болжам жасайды. "Мысалғы, рубль ұзақ уақыт төмендеп жатқан Ресейдегі автомобиль нарығы шамамен 35 пайызға қысқарған. Қазақстанда да осындай құнсыздану орын алғандығын ескерсек, дәл сол жағдай қайталануы мүмкін",-деп қорытындылады Н.Мазенцев. Теңге курсының өзгерісінен кейін отандық интернет-дүкендердегі тауарлар да қымбаттады. Сall-орталықтардың мәліметінше, интернетте тұрмыстық техника сататындар теңгенің еркін айналымға көшкен күні-ақ тауарлар бағасын қайта өзгертіп шыққан. "Көптеген интернет-дүкендердің жеке қоймалары жоқ, яғни ескі бағамен сатылатын тауарлар болмай қалуы мүмкін. Тауар бағасы жеткізушілерге байланысты. Өз кезегімізде біз бұрынғы бағамен сатып алынған тауарларды доллар үшін 189 теңге деген курспен сатамыз", - деді  Chocomart.kz директоры Н.Рзалив. Bek Air компаниясының басшысы Асқарбек Үмітбековтың сөзінше, олар әуебилеттерінің бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқ. "Билет бағасын қымбаттатып, инфляцияны тереңдете түсудің қажет жоқ деп есептейміз", - деп атап өтті ол. Еске салайық, осыған дейін алматылық автосалондар мен техника дүкендерінің тауар бағасын өзгертуге көшкендері туралы жазған едік. Авто сатылымы теңгенің нақты курсы аяқталғаннан кейін ғана жалғаспақ.

Похожие материалы