Экономика
Үкімет 2016 жылға арналған бюджетті нақтылау жөніндегі жұмысты бастады
Қазақстан үкіметі 2016 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу жөніндегі жұмысын бастады. Алайда алдағы екі ай ішінде министрлер кабинеті әлемдік үрдістерді қарап, тек содан кейін макроэкономикалық параметрлер бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын болады, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
"Біз қазірдің өзінде бұл жұмысты қаржы министрлігімен бастап кеттік (2016 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша - V.)",- деді Е.Досаев.
Ол үкіметтің парламетке үкімет жобасын ұсынған кезде мұнай бағасының барелліне 40 доллар болғанын ескертті.
"Мұнайдың барелліне 40 доллар болуына байланысты көптеген сұрақтар болды. Бірақ 40 доллар деген баға артта қалды. Бүгінгі таңғы жаңалықтарда мұнай бағасы барелліне 31 доллар болып тұр. Бірақ 2014 және 2015 жылдары мұнайдың бір баррель үшін орташа баға көрсеткіші 52 доллар болған еді. Бағаның өзгеруі 35-тен 70 доллар аралығында жүрді. Сондықтан бізге осы тенденцияларды растау үшін белгілі бер сенім қажет. Мен осы жылдың алғашқы екі айында қандай үрдіс болатынын байқаймыз деп ойлаймын. Осыған байланысты біз ел дамуының
макроэкономикалық параметрлері бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын боламыз. Сонымен қатар бюджеттік параметрлерде қаралатын болады",- деп түсіндірді.
Фото:zharar.com