Украина. 28 сәуір. 7kun.kz – Украинаның Еуроодаққа кіруі 20 жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Австрия Федералды Кеңесінің мүшесі Йоханнес Хюбнер айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Саясаткер Украина Молдова мен Грузияны ЕО-ға кіру "кезегінде" басып оза ма деген сұраққа жауап берді.
«ЕО-ға мүше елдердің өмір сүру деңгейінен және саяси мәдениетінен алыс елдер үшін ЕО-ға кіру процесі жылдарға, тіпті ондаған жылдарға созылады. Мен жаңадан қосылған елдерді емес, ЕО-ға бұрыннан мүше мемлекеттерді айтып отырмын. Мысалы, Болгария Украинадан немесе Молдовадан алыс емес. Менің ойымша, Украинаның ЕО-ға кіруі 20 жылға созылуы мүмкін», - деп жауап берді Хюбнер.
Оның айтуынша, Украинадағы өмір сүру деңгейі еуропалық деңгейден әлдеқайда алыс.
«Amnesty International-дың 2022 жылға дейін жүргізген зерттеулеріне сенетін болсақ, Украинада жемқорлық деңгейі жоғары. Жоғарғы Радаға сайлаудан бастап, президент пен оның жақтастарының әрекеттеріне дейінгі барлық шешімдерде – жемқорлық бар. Сондықтан бұл елдің одаққа қосылуына әлі ұзақ жол бар», – дейді Йоханнес Хюбнер.
Сондай-ақ ол саяси себепті де түсіндіріп өтті.
"Ресей-Украина қақтығысы ішкі еуропалық сипатқа ие болуы мүмкін. Егер Украина ЕО-ға кіретін болса, онда тек халықаралық қауымдастық мойындаған Луганск және Донецк республикаларымен және Қырыммен де кіруі ықтимал. Бұл жағдайда, қақтығыс Еуропаның иығына түседі, бұл АҚШ-тың Ресейді тежеу әрекетіндегі мақсаты», - деді Хюбнер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024