Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Бүгін Украинада Зеленскийді Президент ретінде ұлықтау рәсімімен қатар Жоғарғы раданың таратылып, бірқатар құрылым басшыларының қызметтен кеткені белгілі болды.
Қорғаныс министрі Степан Полторак бүгін рапорт бергені туралы Facebook-та жазды.
Сыртқы істер министрі Павел Климкин де facebook аккаунтында қызметтен кеткені туралы видео үндеу жариялады. Ол алдағы уақытта депутат болу үшін күреспек.
Ал Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің төрағасы Александр Турчиновтың арызын ведомстваның сайты жариялады.
Бүгінгі Ұлықтау рәсімі кезінде Зеленский Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Грицак, Бас прокурор Юрий Луценконың да қызметтен кетуін талап етті.
Соңғысының әйелі Жоғарғы Рададағы президенттің өкілі Ирина Луценконың да қызметтен кететіні белгілі болды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024