Экономика
Авто
Ульф Вокурка: Halyk пен Qazkom-ның танымал сервистері қос банктің бірігу жұмыстарының аясында дамуға жаңа серпін алады
Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка Халық банк пен Қазкомның бірігуі арқылы дамудың жаңа деңгейін шығуға болатынын айтып берді.
«Банктің негізгі қаржы көрсеткіштерінің жағымды өсімі 2017 жылдың екінші жартыжылдығында түйткілді қарыздарды реттеу мақсатында жасалған операциялық шығындарды оңтайландыруды іс-жүзіне асыру шараларының нәтижесінде бірқатар қымбат түйткілді кредиттердің өтелуінен пайда болды. Сол уақытта Банк ХҚЕС 9 енгізу аясында қосымша 27,6 млрд теңге көлемінде жеткілікті қорды жасақтады. Сонымен қатар, Қазкоммерцбанк клиенттер үшін ұсыныстарды арттыруды және жетілдіруді жалғастыруда. Өткен жылдың аяғында іс-жүзіне асырған бірақатар жаңа заманауи өнімдер мен сервистер клиенттердің тарапынан қызығушылық пен сұранысқа ие болды. Міне, осы Halyk және Qazkom танымал сервистері қос банктің бірігу жұмыстарының аясында дамуға жаңа серпін алатын болады», - деді Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка.
Айта кетейік, Қазкомның 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы
активтерінің көлемі 3,424 млрд теңгені құрады.