Тараз қаласындағы «Әулие ата» халықаралық әуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалының құрылысы аяқталды. Жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын жобаның 800 млн теңгесі Қазкомнан алынған. Бұл туралы Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Біз еліміздегі көлік инфрақұрылымының маңыздылығын ескере отырып, осы жобаны қаржыландыруға қатыстық. Мемлекет басшысы бірнеше рет Қазақстан аумағында көліктік-логистикалық хаб құру қажеттігін мен «Әулие-Ата»халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын қайта жөндеуден өткізу қажеттілігін айтқан еді. Жобаны жүзеге асыру - әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан маңызды",- деді Казкоммерцбанктің басқарушы директоры Айгүл Жайлаубекова. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мемлекеттік бағдарламасы қаражат жылына 6%-дық номиналды мөлшерлемемен 7 жылға берілген. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Тараздан Ресейге, Ақтауға, Атырауға сондай-ақ чартерлік жаздық бағдарламамен Анталия мен Дубайға тікелей жолаушылар бағыттарын ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Тараздан Астана мен Алматы бағытына ұшақтар қатынайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024