
«Ұлттық банктің бағалауынша, 2016 жылы Қазақстандағы инфляция бәсеңдеу сипатына ие болады. Нәтижесінде жылдық инфляция 8%-дан аспайды. Яғни, Ұлттық банк пен Үкімет айқындаған дәлізге оралады», - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарас» атты Ұлттық форум барысында.
Ол қаржы реттеушісінің ағымдағы жылы негізгі күші 6-дан 8%-ға дейін мөлшерде анықталған дәліздегі инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге шоғырланатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы еске салып өткендей, 2016 жылдың 14 наурызында базалық мөлшерлемені 17% деңгейде сақтады.
«Біздің пікірімізше, оның төмендеуіне әлі қажетті жағдай қалыптасқан жоқ. Әлем нарығындағы тұрақтандыру белгілері әзірге тұрақсыз сипатқа ие, жылдық инфляция деңгейі жоғары болып қалуда», - деді Д.Ақышев.