Алматыда өтетін Қысқы Универсиада-2017-нің операциялық шығындары үшін 17,9 млрд теңге бөлінді. Ал аталған қаражат нақты қандай бағытта жұмсалатыны туралы Алматы қаласының бюджеттік жоспарлау және экономикалық басқарма жетекшісінің орынбасары Ілияс Усеров Kapital.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Сонымен спикердің сөзінше ең бірінші шығындар "Универсиада-2017" аясында өтетін спорттық іс-шараларға байланысты болады.
«Егер әрбір жұмсалатын қаржыға нақтырақ тоқталатын болсақ, 2,5 млрд теңге спорт кешендерін толық бітіруге беріледі. Сондай-ақ, тамақтандыру шығындарына, қажетті спорттық құрал жабдықтарға, еріктілердің жол шығындарына, нөмірленген футболкалар дайындауға жұмсалады. "Евроспорт», «Евроспорт – 2», ССТV, ресейлік «Матч ТВ», «Россия 1» және отандық телеарналарда тікелей трансляция жүргізуге 5,2 млрд теңге бөлінеді. 5,7 млрд теңге Уинверсиаданы ІТ қолдау үшін, яғни call-орталықтарының байланыс , интернет-портал, GMS-тайминг қызметін қамтамасыз етуге беріледі. Сондай-ақ, алау эстафетасы мен іс-шараның ашылуы мен жабылуына 1 млрд теңге, ал 3,5 млрд теңге еріктілерді оқытуға, қажетті арнайы техникаларды жалға алуға, жеңімпаздарды марапаттауға жүмсалады", - деді Ілияс Усеров.
Қазіргі уақытта ведомство ақпаратына сәйкес, бөлінген қаржыға қатысты процедурлық жұмыстар жүргізіліп жатыр, ал оны игеру жұмыстары жақын арада басталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024