Астана. 11 қаңтар. 7kun.kz - Алматыда өтетін Дүниежүзілік Универсиадаға байланысты қала мектептеріне 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Барлық елде осындай халықаралық ірі әрі маңызы бар жарыстар кезінде осындай шаралар қолданылады. Оның мақсаты – жергілікті оқушылардың жарыстарды тамашалауға баруға мүмкіндігі болып, оларды салауатты өмір салтына баулып, спортты халыққа тарату, оқиғаның бір бөлігі екенін сездіру. Алматыдағы мектеп оқушылары да енді осы оқиғаны тамашалай алатын болды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Алматы қалалық білім бөліміндегілердің хабарлауынша, қосымша демалыс Наурыз мейрамы күндеріне әсер етпейді – 21,22,23 наурызда алматылық оқушылар қазақстандық басқа оқушылар секілді демалады. 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында оқушылар оқуын жалғастырып, 1 сәуірде оларға тоқсандық бағалар қойылады.