Экономика
Универсиадаға байланысты Шымбұлақ 23 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жабылады
Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz - 23 қаңтар мен 8 ақпан аралығында спорттық шараларға дайындық жүргізу мен Универсиаданы өткізуге байланысты «Шымбұлақ» демалыс аймағы қалың көпшілік үшін жабық болады. Бұл туралы «Шымбұлақтың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтынан мәлім болды.
29 қаңтарға дейін демалыс аймағының қонақтары жаяу жүргіншілерге арналған билеттерді алған жағдайда «Шымбұлақ» демалыс аймағына кіруге рұқсат етіледі. «Универсиада өтетін күндері билеттерді алдын ала сатып алған қонақтар ғана, сол билетте көрсетілген мерзімде демалыс аймағында болады. Медеу-Шымбұлақ-Медеу гондолды жолымен жүру ақысы жарыс өтетін күндерге сатып алынған билеттің құнына кіреді»,-делінген хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024