Алматы. 30 тамыз. 7kun.kz - Уоррен Баффет Қазақстанда МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін ашуға 50 миллион доллар бөлді. Бұл туралы банк ғимаратының ашылу салтанатында ядролық қауіп-қатерді қысқарту мәселесі жөніндегі төраға Самуэль Нанн айтты.
"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көсемдігін, сондай-ақ, Қазақстан халқының ерік-жігерін атап өткім келеді. Ядролық қауіпті төндірудегі Уоррен Баффеттің жомарттығын да айтып өту керек. Ол старт ретінде 50 миллион доллар бөлді. Уоррен айтқандай, ядролық қауіпті төмендетуге салған инвестициядан артық инвестиция жоқ. Сонымен қатар, донор елдердің қосқан үлесін атап өткім келеді", - деді Самуэль Нанн.
Сонымен қатар, ол "Осы банк жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселесін шешуге ықпалдасады деп сенемін. Себебі мұнда проблема технологияларда болып тұр. Атом энергетикасында қолданып жүрген технологияларымыз әскери мақсаттарда қолданылуы мүмкін", - деді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі ашылатынын хабарлағанбыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024