Ақтөбеде 4 террористің көзі жойылды деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
ҚР-ның Антитеррористік орталығы Ақтөбе облысының терроризммен күрес бойынша оперативті штабының іздеуд жүрген күдіктілердің әрекетіне тосқауыл қойғанын хабарлады. 2 полиция қызметкері жарақат алған. Келіссөздер кезінде террористер өз еркімен берілуден бас тартып, оқ ашты. "Олардың қаруларын тастауға тырысу әрекеттері еш нәтиже бермеді. Арнайы жасақтың күші арқылы пәтерде болған 4 террористік көзі жойылды", -делінген ҰҚК-ның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. Дегенмен полиция жергілікті тұрғындардан үйде қалуларын сұрап отыр. Осыған дейін хабарланғандай арнайы операция кезінде Алтынсарин, Жанқожа көшелерінің аумағы, "Пантера" қару дүкені мен "Отырар" сауда үйінің маңы қоршауға алынды. Қазір терроризммен күрес бойынша оперативті штаб жағдайды қалпына келтіру, өзге күдіктілерді және олардың сыбайластарын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024