Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай валютасы туралы 2025 жылдан кейін ғана айтуға болады. Бұл туралы «Еуразияның экономикалық келешегі» аясында болған халықаралық форумда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко мәлімдеді.
"Қазіргі таңдағы басты сұрақ біріңғай валютаның шығуы жайлы талқылаудың ресми түреде қажеттілігі жоқ екенін жариялаймын. Егер бұл сұрақ туса, тек бағдарламаның келісімшарты аяқталғанынан кейін туатын болады. 2025 жылға дейін бұл сұрақтың тууы мүмкін емес",- деді В.Христенко. Оның айтуынша,валютаның құнсыздануы туралы мәселе келісілген валюталық саясатты, атап айтқанда ұлттық банктер мен министрліктердің бірігіп жұмыс жасауын талап етеді. Валюталық саясаткерлердің сөзінше қаржылай бақылау органдары өздерінің алдағы әрекеттері мен жоспарларын хабарлап ғана қоймай, келешекте болатын қауіп-қатердің алдын алуға біріге күш жұмсауы қажет. Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай валюта құру туралы ел көшбасшылары бірнеше рет ЕурАзЭҚ-та көтерген болатын. 2015 жылдың наурыз айында, Ресей президенті Владимир Путин ЕурАзЭҚ ақша саясатының валюталық одақ және үйлестіру қажеттігін атап өтті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024