Ресей президенті Владимир Путин бүгіннен бастап Ресейге АҚШ пен Еуроодақтан азық-түлік тауарларының жеткізілуіне қатысты тыйымның әрекет ету мерзімін бір жылға ұзартты.
РФ президенті тиісті тапсырманы үкіметке бағыттап, Ресейдің азық-түлік эмбаргосын ұлғайтуы туралы қаулыны дереу шығаруды сұрады. "Үкімет төрағасы маған кейбір елдердегі серіктестеріміздің әрекеттеріне жауап ретінде біздердің қабылдаған шараларымыздың мерзімін ұзарту ұсынысымен хат жолдады. Мен бүгін, осы хатқа сәйкес, РФ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке арнайы экономикалық шаралардың әрекет ету мерзімін ұлғайту туралы өкімге қол қойдым және үкіметтен қаулының оперативті түрде дайындап, шығаруды сұраймын", - деп мәлімдеді В.Путин сәрсенбі күні үкімет мүшелерімен болған отырыста. В.Путин 2014 жылдың 6 тамызында санкцияларға жауап ретінде жеке экономикалық шараларды қолдану туралы өкімге қол қойған-тын. Ресейге қарсы санкциялар енгізген елдердің бірақатар тауарларының импортына бір жылдық мерзімге тыйым енгізілді. Ресей АҚШ, Австралия, Канада, Норвегия және Еуроодақ елдерінен сиыр етінің, шошқа етінің, көкөніс пен жеміс-жидектердің, құс етінің, балықтың, сырдың, сүт пен сүт өнімдерінің жеткізілуіне толығымен тыйым салды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024