Вайнер Мейіржан Төребаев жаңа жылды үйінде қарсы алады: ол тергеу изоляторынан босатылды
Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Танымал вайнер Мейіржан Төребаев үй қамаққа босатылды. Мұндай шешімді Алмалы аудандық сотының судьясы Кәмшат Саурова шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Төребаев сегіз ай тергеу изоляторында қамауда отырды.
2022 жылғы 26 желтоқсанда Алмалы аудандық сотында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов және Mudabarah Capital қаржы пирамидасын құруға қатысушы өзге де күдіктілер ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Сотталушы орындығында барлығы 12 адам бар.
Сот Мейіржан Төребаевқа тұрғылықты жерінен кетуге, әлеуметтік желілерді пайдалануға және баспасөзбен сөйлесуге тыйым салды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Мейіржан Төребаевтың адвокаты Мұратовтың сотталушыға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішіне қарсылығы жоқ екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ұсталып, 20 сәуірден бері қамауда отыр. Ал аталған іске қатысы бар үшінші вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Ол іздестірілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024