Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Жапонияның Nomura Holdings компаниясы зерттеу жүргізіп, валюта дағдарысына ұшырауы мүмкін жеті елдің тізімін жариялады, деп жазады Bloomberg агенттігі.
Зерттеушілер Украина, Түркия, Египет, Аргентина, Оңтүстік Африка, Пәкістан және Шри-Ланка елдерінің экономикасына қауіп төніп тұр, дейді.
Ал Бразилия, Болгария, Индонезия, Қазақстан, Перу, Филиппин, Ресей және Тайланд сынды елдерге валюта дағдарысының ұшқыны аз тиеді деп болжаған.Nomura Holdings-тің зерттеуі валюталық резервтердің көлемі, қарыздың деңгейі, пайыздық мөлшерлеме және импорттық қамту сияқты факторларды ескеретін «Дамокл» үлгісіне негізделген. Оның көмегімен 1996 жылдан бері дамушы елдердегі валюталық дағдарыстардың үштен екісін болжау мүмкін болды, деп атап өтті Bloomberg.