Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Велосипедтерді жалға беру орындарын қалай ашуға болады?

Велосипедтерді жалға беру орындарын қалай ашуға болады?

Үлкен қалалардағы басты проблемалардың бірі көлік кептелісі екен рас.  Велосипед арқылы бұл мәселенің де алдын алуға болады. Уақыт үнемдеуге әрі салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. Және жаңа бизнес көзін ашқысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік. Мұндай бизнесті қалай жолға қоюға болады? Велосипедті жалға беру орындарын ашуға қанша қаржы кетеді, қандай шығындар болады? 

Жобаны жүзеге асыру үшін алдымен жалға беретін велосипедтер, жалданатын орындар, қосалқы бөлшектер алу, персоналға төленетін қаржының шығыны максималды түрде есептелу керек.

Ең алдымен велосипедтерді таңдап алған дұрыс. Велосипедтердің алуан түрі бар. Ең тиімділері мыналар:

скачанные файлы

Тау велосипеді – ойлы-қырлы жерлерде жүруге арналған. Жолдан тыс жүру кезінде жоғары салмақ түсетінін ескерсек, тау велосипедтері ерекше сипатқа ие.

Florenville-Bouilon-Faux-les-Veneur-10

Туристік велосипед жайлы, сенімді, тиімді және көпшілік жағдайда жүк тасымалдау үшін жасалған. Туристік велосипедтер келесі типтерге бөлінеді: жүк тасымалдауға арналған және жеңіл спорттық велосипед. Бұлар аты айтып тұрғандай бірі жабдық пен тамақ тасымалдауға арналған болса, екіншісі - негізінен саяхат жасауға өте тиімді велосипед.

images (1)

Қалалық велосипед. Оның рамасы жабық немесе ашық (үстіңгі құбырсыз) болып келеді. Олар барынша жылдам жүруге және ойлы қырлы жерлерде жүруге мүлде жарамайды. Бұл велосипедтер спорттық емес. Отырғышы вертикаль және өте биік, жүріс кезінде қол талмайды. Негізгі типтері: ригид, хардтейл, софттейл.

скачанные файлы (1)

Шосселік велосипед асфальт жабыны жақсы жолдарда жылдам жүріске арнап құрастырылған. Велосипедтердің басқа түрінен анағұрлым аэродинамикалық отыруға мүмкіндік беретін иілген рөлдің ерекше пішініне, қуаттылыққа, жеңіл салмаққа және тар дөңгелекке ие болуымен ерекшеленеді.

Келесі қадам - велосипедтерді жалға беру тармақтарын және оларды жабдықтауды ұйымдастыру. 

  • Бөлме-жайды таңдау және жалға алу;
  • Велосипедтер мен оның қосалқы бөлшектерін сатып алу;
  • Қызмет көрсетуді дамыту
  • Велосипед жабдықтары мен алуан түрлі велосипедтердің ассортиментін толықтыру;

Жобаның басым міндеттерінің бірі – велосипед түрлі жасқа арналу керек. Бұл сіздің тұтынушыларыңыздыңкөп болуына ықпал етеді. Бастапқыда қолдану универсалды және сапалы велосипедтерді сатып алып кейінірек ассортиментіңізді толықтырып отыруға болады.  Барлығы  арнайы дүкендерден немесе кепілді қызмет көсететін ресми дистрибьюторлардан алынғаны дұрыс.

Велосипедтерді жалға беру тармақтары орналасатын жерді таңдау. 

Алғашқы кезекте спорт мекемелері мен жаппай демалыс орындарының жақындығына назар аудару керек (стадион, саябақ, ойын-сауық орталықтары, спорт секциялары т.б.), сонымен қатар, қызметті әлеметтік тұтынушылардың ортасына қарап ұсынуды ұмытпаған жөн.

Жобаны жүзеге асырудың инвестициялық жоспары:

12083852_725616200902060_914824781_n (1)

Пайда мен залалдар туралы есеп жоспары:

мммммм

Өнімді сатудан түскен пайда. Велосипедтерді жалға беру беру төлемі екі нұсқада болуы мүмкін. Сағаттық және тәуліктік. Сағат бойынша төлем нақты бір қаладағы тұрғындардың табыс деңгейіне байланысты құбылып отырады. Мұның өзі Қазақстан бойынша орташа тәулікпен 500 теңгеден 3000 теңгеге дейін (тәулігіне жалға берудің орташа құны 2000 теңге деп белгілеген жағдайда).

Жалға беру сұранысы бойынша маусымдық ауытқуларды есептейтін болсақ, жалға берудің орташа жылдық мөлшері 245 күн. 10 велосипедтің күн сайынғы жүктелуі жағдайында қорытындыға жалпы түсімді аламыз: 2000*245*10 = 4 900 000 теңге.

ппппп

Тауар сатып алу шығындары. Велосипедтерді жалға беру тармағы шығыстарының негізгі бабы велосипедтерді сатып алу мен күтім жасау болып табылады. Велосипедтерді сатып алуға жұмсалатын жалпы қаржы көлемі кестеде көрсетілген. Велосипедтерге күтім жасау оларды сатып алуға жұмсалған шығындардың жалпы құнының есебінен есептеліп, ол 10%-ға, яғни 130 000 теңгеге тең болады.

12119396_725603277570019_674127567_o

Әлеуметтік салық. Жобаны жүзеге астырушы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметтер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1852 теңге АЕК*2*12 ай + 1852 теңге * 2 қызметкер * 12 ай = 88 896 теңге). Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда (960 мың теңге * (1-10%)*5% = 43 200 теңге), әлеуметтік аударымдыр еңбекақы сомасының 5%-ына тең.

Салықтар және бюджетке төлемдер. Жоба аясында пайдадан 3% бойынша оңтайлатылған салық салу жүйесі негізінде корпоративтік табыс салығын төлейтін болады – 97 020 теңге (3,23 млн теңге*3%)

Жобаңызға қайдан қаржы табуға болады?

Жобаны қаржыландыру бойынша, өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмай, бірақбизнесті бастауға ниетіңіз болса қосымша капитал таратудың бірнеше жолы бар.

Еуразиялық даму банкі(ЕДБ) арқылы несие алу. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, өтеу мерзімі 18 ай, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін ай сайын тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап отыр.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жердегі тұрғындар үшін өз ісін ұйымдастыруға бюджет қаржатын бөлуді қарастырады.

 Маржан Нүсіпбек "7"

Похожие материалы