Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Венгрия үкіметі Қазақстанның аграрлық секторын дамытуға 400 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр.
«KAZAKH INVEST» компаниясы бұл ұсынысты Ауыл шаруашылығы министрлігімен талқылап жатқандығын хабарлады және қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданатынын айтты.
Ұйым жұмыс кездесуі Будапеште 2019 жылдың 14-15 қаңтарында өткенін еске салды.
«Қазақстандық өкілдер сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрлігімен, Венгриялық инвестициялар тарту агенттігі мен (HIPA), Венгрия экспорт-импорттық банкімен (EXIM) және I-cell компаниясымен кездесті», – деп қосты ұлттық компанияда.
2018 жылдың басынан бастап халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 70 жоба іріктелді. Жақын арада бұл жобалар Венгрия экспорт-импорттық банкіне инвестициялық ұсыныстар ретінде жіберіледі деп жоспарлануда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024