Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Вьетнамдық кәсіпкерлер Қазақстанға өнімдерін экспорттайды

Вьетнамдық кәсіпкерлер Қазақстанға өнімдерін экспорттайды

Астана. 8 наурыз. 7kun.kz — Вьетнамдық жеміс-жидек өндірушілер Қазақстанды посткеңестік елдер мен Еуразиялық экономикалық одақтың нарығына жол ашатын алаң ретінде қарастырып, өнім саудасын дамытуды көздеуде. «Saigon TPC» хошиминдік компаниясының серіктесі Чан Тхи Чанг Нху (Синтия) хабарлады.

«Мен жоғары оқу орнында өнім өндірудің технологиялық үдерістерін оқып үйрендім. 2007 жылы компанияның іргесін қаладым. Біз маракуйя, манго, банан, папайю, лайм, помело мен басқа да жемістер өсіріп шығарамыз. Жаңа піскен жемістерді де, 10 түрлі кептірілген жемістерді, сонымен қатар кокос жаңғағы, жержаңғақ, кешью, кофе, шай, чили, зімбір, бұрыш және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, сатамыз», — деді ол.

Оның айтуынша, ол өзінің серіктесімен бірге азық-түлік өнімдерін теңіз жолы арқылы Таяу Шығыс пен Иран елдеріне экспорттап жатыр. «Біздің өнімдер салынған контейнерлер Иранның Бендер-Аббас портына 28 күнде жеткізіледі. «Қазақстан — Ляньюньган порты (ҚХР) — Вьетнам» транспорттық дәлізінің ашылғанын біліп, өнімдерімізді Еуразия ішкіқұрлықтық нарығына тез жеткізуге қызығушылық танытып жатырмыз», — деп хабарлады кәсіпкер әйел.

Cинтия соңғы уақытқа дейін Қазақстан туралы естімегенін мойындады. «Жаңа нарықты зерттей келе Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа да посткеңестік елдердің нарығына жол ашатын негізгі алаңы ретінде таңдап алдық. Басқа да Орталық Азия елдерімен салыстырғанда, Қазақстан халқының сатып алушылық қауқары жоғары», — деді ол.

Оның айтуынша, «Saigon TPC» компаниясы Қазақстаннан Вьетнамға күнбағыс дақылы мен күнбағыс майын импорттауға мүдделі. «Қазіргі таңда осы өнімді Түркиядан импорттаудамыз.Егер, Қазақстандағы күнбағыс пен майдың сапасы, сондай-ақ оның бағасы көңілімізден шықса, Қазақстаннан импорттайтын боламыз», — деп атап өтті Синтия.

Похожие материалы