Вице-премьер Құлыбаевтың «сыйлығы» туралы сұраққа жауап беруден бас тартты
Нұр-Сұлтан. 28 маусым. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Тимур Құлыбаевқа қатысты сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Күні кеше миллиардер Тимур Құлыбаевтың Petrosun-дағы 49% үлесін «ҚазМұнайГаз» атынан мемлекетке сататыны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл компания шикі мұнайды сатып алудан бастап, мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және сатумен айналысады.
Бұл деректердің растығын анықтау үшін журналистер вице-премьер Жамаубаевқа экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде сұрақ қойды, алайда минситр нақты жауап бермеді.
«Тексеруіміз керек, мен дәл қазір айта алмаймын. Комиссия әртүрлі мәселелерді қарайды, нақты осы кейс маған белгісіз. Белгілі болған соң, оны жұртшылыққа жеткіземіз», – деді Қаржы министрлігінің басшысы.
«Petrosun» тікелей Құлыбаевқа тиесілі емес.
egov.kz. деректеріне сәйкес, Petrosun ЖШС екі компания құрды – «КННК ИНТЕРНАЦИОНАЛ в КАЗАХСТАНЕ» ЖШС және «Petrolex Group» ЖШС. Екінші фирма иелерінің арасында «Joint Technologies» ЖШС бар, ол «Кипрос» ЖШС-ға тиесілі. Дәл осы компания Тимур Құлыбаевқа тиесілі.
«Кипрос» көптеген басқа заңды бірлестіктерде үлесі бар. Мысалы, «Petroleum Holding» ЖШС, «Мунай Даму» ЖШС, «Достык строй» құрылыс компаниясы, Keruen Cinema VIP-кинотеатры, Astana гольф-клубы, «Talan Gallery» сауда отратлығы және т.б.