Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – AliExpress электрондық сауда алаңы "ВКонтакте"әлеуметтік желісімен «бірігуді» бастады.
Алдағы айларда AliExpress тауарларының барлық ассортименті әлеуметтік желіні пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.
Vkapps платформасындағы AliExpress қосымшасынан сатып алып, VKPay арқылы төлем жасауға болады.
Өткен жылдың қыркүйек айында Alibaba Group, «Мегафон», Mail.ru Group және РТИҚ AliExpress және Tmall базасында бірлескен кәсіпорын (БК) құру туралы келісімге қол қойды. Кәсіпорын Aliexpress Russia деп аталатын болады. 2018 жылдың соңында Әлішер Усманов бірлескен компания жұмысын 2019 жылы бастайтынын хабарлаған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024