Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — KAZ Minerals пен «Қазақмыс» Корпорациясының» еншілес иесі Владимир Ким өзінің қазақстандық Bank RBK-дағы үлесін ұлғайтуға және банктің ірі үлескері болуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы RBK Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада «Владимир Кимнің RBK Банкінің ірі үлескері болуға ниет білдіргені акционерлердің сенімін арттыра түседі. Қазіргі таңда оның банктегі үлесі 7,26 пайыз қарапайым акциялардан тұрады. Ұлттық банкке Владимир Кимнің банктің ірі үлескері болуына келісім беруге өтініш тапсыру уақытын жақын арада қосымша хабарланады», — делінген.
Standard & Poor’s Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі өткен сейсенбіде қазақстандық RBK банктің рейтингін өтімділігінің нашарлауына байланысты «тұрақтыдан» «жағымсыз» дәрежесіне төмендеткен еді.
Агенттік соңғы екі айда клиенттердің депозиттерін қайтарып алуынан банктің өтімділігі нашарлап кеткенін айтады. S&P банктің рейтингін халықаралық шкала бойынша «B-/C» деңгейінде сақтап, ұлттық шкала бойынша «kzBB-» деңгейінен «kzB+» деңгейіне дейін төмендетті.
РБК банктің баспасөз хатында «банктің даму стратегиясы жақын аралықта қор жинауды депозиттердің есебінен емес, акционерлер капиталын ұлғайту есебінен жүзеге асыратыны» айтылған. Осыған дейін, 2017 жылдың ақпанында қазақстандық РБК банкі реттеуші капиталының 11 млрд теңгеге көбейгені туралы ақпарат тараған еді (пайыздық көрсеткіш бойынша -12%).
2017 жыдың 1 қаңтарында банктің активтері 1 трлн 21 млрд теңгені, қарыз портфелі — 753,4 млрд теңгені, клиенттердің қаржылары — 782,6 млрд теңгені, сонымен қатар, жеке тұлғалардың жинақтары — 210,3 млрд тенгені құраған (қазіргі есеп бойынша — 312,76/$1). Ұлттық банктің мәліметтерінше, РБК банкі активтерінің көлемі жағынан 2016 жылы 34 банктің арасында 9-орында болды.
2015 жылдың 15 қаңтарында KASE-нің ақпаратына сәйкес, банктің акционерлері мыналар болды: «Фонд-Инвест» мүлікті басқару дирекциясы» ЖШС (17,17%), Фарид Люхудзяев (10,43%), Темір Жұмаев (9,1%), Дінмұхаммет Ыдырысов (8,88%), «S.A.N-Group Agro» ЖШС (8,24%), Уалихан Нұрмұхамедов (7,96%), Бахаридин Аблазимов (6,5%), Владимир Ким (6,15%), Игорь Мажинов (6,06%).
Миллиардер В.Кимнің дәулеті 1,7 млрд АҚШ долларына тең. Ол Forbes рейтингінде 5-орында және Қазақстанның ең бай 50 бизнесменнің қатарына кіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024