Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — Аудиттелмеген есептілікке сәйкес, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ВТБ банктің (Қазақстан) таза табысы 551 млн теңгені құрады, оның ішінде үшінші тоқсанда - 275 млн теңге. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк активтері 172,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде 39% немесе 66,8 млрд теңге – клиенттерге берілген қарыз. Банк міндеттемелері - 157,2 млрд теңге, оның ішінде 60% немесе 94,4 млрд теңге – банктік шоттары және клиенттердің салымдары. Банктің жарғылық капиталы өзгермей 27,3 млрд теңгені құрады. Резервті қалыптастырғанға дейін үшінші тоқсанда таза пайыздық кіріс 2,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңі үшін осы көрсеткіштен 1,7 есе артады.
"ВТБ банкі жаңа, үш жылдық стратегиясын қабылдаған күннен бастап 9 ай өтті. Осы кезең нәтижелерінде табыс өсті", - дейді ВТБ банк (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.
Соңғы жарты жылда банк бірқатар жаңартылған өнімдерді енгізген. Олардың ішінде басқа қаржылық институттарының тұтынушылық кредиттерін қайта қаржыландыру және бөлшек клиенттерді кредиттеу бойынша мөлшерлемелерді төмендету бойынша тиімді ұсыныстар бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024