Экономика
Выбор редактора
"ВТБ Қазақстан" АҚ-ның басқарма төрағасы ауысты
ВТБ-нің Қазақстандағы еншілес банкінің басқарма төрағасы болып Дмитрий Забелло тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Банктің директорлар кеңесінің шешімімен Дмитрий Забелло аталған қызметке 2015 жылдың 30 қарашасында тағайындалды. Ол бұдан бұрын Оренбург облысындағы ВТБ банк дирекциясының жетекшісі болған.
Дмитрий Забелло 1969 жылдың 14 тамызында дүниеге келген. 1991 жылы Оренбург мемлекеттік Университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген. Банк саласында 24 жылдан аса қызмет етіп келеді. Соңғы 11 жылда ВТБ банкте қызмет атқарған.
Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның қаржы саласында 6 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазақстанның екінші деңгейлі банктері арасында активтерінің көлемі бойынша 20 орынды алады.